Қосшыда екі жасар қызды көлікпен қаққан келіншек қамауға алынған жоқ

Астана іргесіндегі Қосшы қаласында екі жасар қыз баланы көлікпен қағып кеткен келіншек қамауға алынған жоқ. Оқиға тұрғын үй ауласында болған еді. Қыз бала оқиға орнында көз жұмды. Ақмола облысы полиция департаментінің хабарлауынша қылмыстық іс қозғалған. Баланы қаққан әйел адам жауапкершіліктен қашпаған, сондықтан үй қамағында ұстау шешімі қабылданды. Ол толық құзырлы органның бақылауында.
———————————————