Түркістан облысында мас күйінде мектеп автобусын айдап, адам қағып кеткен жүргізушіге сот үкім кесті. Оқиға Төлеби ауданында болған. 40 жастағы жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен еді. Ол өзінің соңғы сөзінде кінәсін мойындап, жазасын жеңілдетуді сұрады. Сот айыпталушыны мас күйде көлік жүргізіп, абайсызда адам өліміне себепші болғаны және оқиға орнынан қашып кеткені үшін кінәлі деп таныды. Сөйтіп, 3 жыл 6 айға соттады. Сонымен қатар марқұмның отбасына 10 млн теңге моральдық шығын төлейтін болды. Бұған дейін үйқамақта болған айыпталушыны полиция сот залынан түзеу мекемесіне алып кетті.
НҰРМАХАН ЖОРАБЕКОВ, СУДЬЯ:
— Қылмыстар жиынтығы бойынша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру арқылы түпкілікті белгілі бір қызметпен айналысу, яғни көлік құралын басқару құқығынан 10 жыл мерзімге айыра отырып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.