Алматы әуежайында қызды кепілген алған күдіктіге қатысты сот басталды. Бұған дейін осы оқиғаға қатысты үш қылмыстық іс қозғалғанын айтқан болатынбыз.
Еске салайық, 7 наурыз күні Алматы әуежайында ер адам қызды кепілге алып, көпшілік алдында пышақ кезенген еді. Мұса Әбдірайым күдіктіге өзін кепілге ұсынып, қызметкердің орнына тұрған. Осыдан кейін ер адам күдіктінің қолындағы пышақты жұлып алып, тәртіп сақшылары оны тұтқынға алған болатын. Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұса Әбдірайым «Ерлігі үшін» медалімен наградталды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.