Алаяқтық жасаған қазақстандық Қырғызстанда ұсталды

Қолымен жасағанды мойнымен көтереді. Алаяқтық жасап, халықтың ақшасын қалтасына басқан Қазақстан азаматы Қырғызстаннан экстрадицияланды. Енді ол он жылға дейін бас бостандығынынан айырылуы мүмкін. Күдікті тұрғындарға банк шоттарына тіркелген абоненттік нөмірлерін өзгерту туралы хабарлама жіберіп отырған. Сол арқылы клиенттердің есепшотындағы ақшасын иемденген. Келтірілген залал көлемі 230 млн теңгеден асады.
ЕРЛАН ЖАНПЕЙСОВ, БАС ПРОКУРАТУРАНЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыс жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 5-10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Күдікті қашықтықтан қол жеткізу арқылы бес жәбірленушінің шотынан дропперлердің банктік шоттарына ақша аударып, олардың қаражатын иемденген. Ағымдағы жылдың қаңтарында ол Бішкек әуежайында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Отанына экстрадицияланды.
———————————————