Қалқұтан өзені тасып, Ескі Колутон ауылы көлік қатынасынан үзілді

Ақмола облысының Астрахан ауданында Қалқұтан өзені тасып, Ескі Колутон ауылы көлік қатынасынан үзілді. Сыртқа кіріп-шыға алмай қалған 21 адамды құтқарушылар моторлы қайықпен алып шығып, қауіпсіз жерге орналастырды. Өзен жағасының шетін нығайту және одан әрі су басуға жол бермес үшін инертті материалдар толтырылған 1 мыңнан аса қап төселді. 300 текше метр су сорылды. Құтқару жұмыстары мен су екпінін тежеу шаралары тәулік бойы жалғасып жатыр. Әзірге су кірген үй жоқ.
ЕРСАЙЫН ҚОЙШЫБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Қазір Ескі Колутон ауылында жедел жұмыстар жалғасып жатыр. Тұрғындармен бірге 20 шақты ірі қара, 100-ден аса ұсақ мал құрғақ жерге шығарылды. Құтқару жұмыстарына жеке құрамның 70-ке жуық адамы, төтенше жағдай қызметінің 20 арнайы техникасы тартылды.
———————————————