Қарағандыда коммуналдық қызметтің екі жұмысшысы кәріз құдығында қаза тапты. Алдын ала мәліметтер бойынша, олар Фёдоровка ауданында тазалау жұмыстарымен айналысып жатқанда метан газынан уланып, жабық жерде тұншығып қалған. Көз жұмғандардың бірі – 29 жаста, екіншісі – 46 жаста болған. Қазір оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Полиция қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізуде. Еңбек инспекциясы тарапынан да тексеріс басталды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.