Атырау облысы Қызылқоға ауданын су басу қаупі жоғары. Қазір онда жүзден аса күштік құрылым өкілі көмекке кетті. Ойыл өзенінің деңгейі тағы да көтерілді. Ал Сағыз, Ноғайты өзендерінде жағдай тұрақты. Бөгет басында 66 техника жұмыс істеп жатыр. Ал көмекке барған Ұлттық ұланның 60 жауынгері 18 мың қапшыққа құм толтырып, қауіпті учаскелерге төседі. Биылғы тасқыннан қорғану шараларына облыстық бюджеттен 900 млн теңге бөлінген.
БАҚТЫБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, АУДАНДЫҚ ТЖБ БАСШЫСЫ:
— Ойыл өзенінің деңгейі қазір 5 метр 62 смді құрап отыр. 2 смге түскенін көріп отырмыз. Ералы су торабынан су деңгейі 1 метр 70 см жылдамдықпен ағуда. Сағыз, Ноғайты өзендері бірқалыпты.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.