Екібастұзда сынақ кезінде су құбыры жарылды

Екібастұзда сынақ кезінде су құбыры жарылды. Жер астынан атқылаған су сол маңдағы автотұрақта тұрған 8 көлікті зақымдаған. Оқыс жағдай жергілікті сауда орындарының бірінің маңында болған. Куәгерлердің сөзінше, қатты толқын асфальтты қопарып жіберген. Желіде тараған бейнекадрлерде шашыраған ыстық су автокөліктердің терезелерін сындырғаны байқалады. Бірақ адамдар зардап шекпеген. Қазір қираған мүлікті қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Кәріз желісінде болған апатқа байланысты полиция тексеруді бастады.
———————————————