Қостанайдың медициналық мекемелері қарызға белшеден батты

Қостанай облысындағы медициналық мекемелердің кредиторлық берешегі 1 млрд 722 млн теңгеге жетті. Енді осының салдарынан сала санкцияға ұшырап, дәрі-дәрмек жеткізуде кідіріс болуы мүмкін. Ал Денсаулық сақтау қоры өкілдерінің хабарлауынша, төлем біртіндеп жасалып жатыр. Жыл басынан бері науқастарға көрсетілген қызмет түрлеріне 8 млрд теңге аударылған.
ЕРБОЛАТ ДОСПАНОВ, ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Қарыздың өсуінің басты себебі – Әлеуметтік медициналық қордың төлемақыны уақытылы жасамауы. Бүгінгі таңда қор қаңтардың ғана ақшасын жөнелтті. Демек, олар енді ақпан, содан соң ғана наурыз айын жабады. Егер қор медициналық ұйымдарды уақытылы қаржыландырып тұрса, бұл қарыз азаяды.
———————————————