Дәрігерлерді ұрып-соққандарға жаза күшейтіледі. Президент Үкіметке тиісті заңнамалық түзетулер әзірлеуді тапсырды. Бұл бастама Парламентте азаматтық қоғам өкілдерімен бірге талқыланады. Бұл туралы Мемлекет басшысының кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады.
Еске салсақ, бұған дейін Қарағандыда бір пациент жеке клиника дәрігеріне шабуыл жасаған. Тағы бір оқиға Қостанайда тіркелді. Облыстық ауруханада хирург соққыға жығылған. Пациент кезегін күткісі келмегендіктен, дәрігерді ұрып, есінен тандырған.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.