Алматыда «Білім берудегі VR/AR технологиялары» ғылыми зертханасы ашылды. Жаңа алаңда виртуалды және толықтырылған шынайылық технологияларын білім беру үдерісіне енгізу тәсілдері тәжірибеден өткізіледі. Бір ғасырлық тарихы бар Абай университетінің оқытушы құрамы осылайша жас ғалымдарға қолдау көрсетуге екпін бермек. Ғылыми апталық аясында «Алашорда ісі. 1920-1940 жылдардағы құжаттар мен материалдар» атты 12 томдық жинағы таныстырылады. Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «Абай мұрасы – руханият қазынасы» ғылыми семинары мен инновациялық стартаптар көрмесі өткізіледі.
БОЛАТ ТІЛЕП, «АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰПУ» КЕАҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:
— Бір апта бойы университет қабырғасында 117 үлкенді-кішілі шара жоспарланған. Бұл шаралардың әрқайсысы бізге маңызды. Мақсатымыз – ғылыми конференциялардан бөлек, жаңадан ашылған зертханалар аясында жасалған, қазір жемісін беріп жатқан жобаларды насихаттау. Білім алушы студенттерді осы жұмысқа баулу, тарту.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.