Вьетнамның солтүстік жағалауына соққан «Вифа» тропикалық дауылы елге едәуір залал келтіріп отыр. Тайфун Хайфон және Куангнинь провинциялары аралығында жерге шығып, қатты жел мен нөсер жаңбыр алып келді. Желдің жылдамдығы сағатына 102 шақырымға жетіп, тұрғын үйлер мен инфрақұрылымға қауіп төндірді. Ханой мен Хайфондағы әуежайлар уақытша жабылып, жүздеген рейс тоқтатылды. Үкімет жағалау аймақтарын толықтай төтенше жағдай режиміне көшіріп, халықты қауіпсіз аймақтарға эвакуациялауға кірісті. 350 мың әскери дайындыққа келтіріліп, теңіз қатынасына тыйым салынды. Мамандар алдағы күндері су тасқыны мен көшкін қаупі күшейетінін ескертіп отыр.
Қазақстандық туристердің мәліметінше, оңтүстіктегі Фукуок, Нячанг және Дананг курорттарында жағдай тыныш. Қазіргі уақытта Вьетнамда шамамен 8 мыңға жуық қазақстандық турист бар. Синоптиктердің айтуынша, тайфун елдің солтүстігінде алдағы 2–3 күн бойы сақталуы мүмкін.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.