Таразда ежелгі «Төрткүл» керуен-сарайы қирағалы тұр. 10 жылдан аса уақыт бұрын тарихи нысаннан бірегей көне жәдігерлер табылған. Қараханидтер дәуірінің XI-XIII ғасырына жататын көне нысан 2014 жылдан бері ашық аспан астындағы мұражай мәртебесіне ие. Онда түрлі іс-шара жиі өткізілген. Ал соңғы жылдары керуен сарайы қараусыз қалып, құлай бастады. Негізі тарихи нысан әр 5 жыл сайын жаңартылып отыруы керек, бірақ ол 9 жылдан бері жөнделмеген. Сондықтан қоршау қабырғасының бір бөлігі құлаған.
ДАМИР ЖАМАНБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
— Қазір қарастырып отырған жобада қабырғаларының барлығы толық жасалады, өйткені қабырғалары бұрынғы тәсілмен саман кірпіштен қалаған болатын, ал сырты қыш кірпішпен қапталған. Біз барлығын қалпына келтіру жұмыстарын жүргіземіз.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.