Биыл көктемгі егіс жұмыстарын жеңілдетілген жолмен қаржыландыру 700 млрд теңгеге жетті. Ауыл шаруашылығы техникасын лизингке беруге 200 млрд теңге қарастырылған. Форвардтық сатып алулар үшін азық-түлік корпорациясына 30 млрд теңге аударылды. Ал экспорттық шығыстар субсидиясына 40 млрд теңге бөлінді. Бұл географияны кеңейтуге мүмкіндік бермек. Қайта өңдеу кәсіпорындарына берілетін несие көлемі 48 млрд теңгеге жеткізілді.
Айта кетейік, бұның барлығы Президенттің өндіріс көлемін екі есе ұлғайту туралы тапсырмасын орындау аясында атқарылып жатыр. Премьер-министр Олжас Бектенов аграрлы сала өкілдерімен кездесуде осылай айтты.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.