Жетісу облысында жасөспірім 86 жастағы қарияны соққыға жықты

Жетісу өңірінде жасөспірім 80-нен асқан қарияны соққыға жықты. Оқиға Өтенай ауылында болған. 15 жастағы оқушының егде адамды жұдырықтаған сәті бейнекамераға түсіп қалған. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Кәмелетке толмаған құқықбұзушыны тәртіп сақшылары заңды өкіліне тапсырды. Ол да әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал 86 жастағы қарияның екі омыртқасына зақым келген. Қазір үйінде ем алып жатыр. Ақсақалдың айтуынша, ол жасөспірімдердің ерсі қылығын көріп, ескерту жасаған. «Алайда жұдырық ала жүгірді», — дейді.
КАМИЛЬ САЛИХОВ, ЖӘБІРЛЕНУШІ:
— Мені соққыға жыққан бала өз түсініктемесінде мен тас лақтырды деп көрсетіпті. Мен оларға тас лақтырғам жоқ. Жай қорқытпақ болып қолыма алып, қайта тастай салғам. Қазір өзіме жала жауып отыр. Тас лақтырғам жоқ. Мені түсірген екінші баланың видеосын қарап шықсын.
———————————————