Шу қаласында көппәтерлі үйден өрт шықты

Шу қаласында көппәтерлі үйдің бесінші қабатынан өрт шықты. Төтенше жағдай түнгі 12 жарым кезінде болған. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар 200-ге жуық адамды эвакуациялап, уақытша мектепте тұруға кеңес берді. Жауапты мамандардың айтуынша, қызыл жалын шатырға тарап кеткендіктен, оны сөндіру қиынға соққан. От шамамен 750 шаршы метр аумақты шарпыды. Оны ауыздықтауға 5 арнайы техника мен 35 адам жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ.
ЕЛДОС НҰРАЛИЕВ, ҚАЛА ӘКІМІ:
— Төтенше жағдай департаменті тарапынан қазіргі кезде өрттің шығу себептері анықталуда. Сонымен қатар аудан әкімінің қаулысына сәйкес арнайы комиссия құрылып, өрт салдарынан келтірілген шығын көлемі есептелуде.
———————————————