Алматы қаласы әкімінің орынбасарына айыппұл салынды

Алматы қаласы әкімінің орынбасарына айыппұл салынды. Ол бизнесті заңсыз тексерген. Жосықсыз әрекетті прокурорлар әшкереледі. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына мониторинг жүргізу барысында аудандық әкімдік өкілдері өрескел қателік жіберген. Олардың шектен шығуына әкім орынбасарының тапсырмасы түрткі болыпты. Тексеру тәртібін бұзу дерегі бойынша аудан әкімдігінің 6 қызметкері әкімшілік жазаға тартылды. Оларға екі миллион теңге шамасында айыппұл салынды. Ал Алматы қаласы әкімінің орынбасары 400 мың теңгеге жуық айыппұл арқалады.
———————————————