Президент Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады. Мемлекет басшысына Агенттік қызметінің негізгі қорытындылары туралы есеп беріліп, алдағы кезеңге арналған міндеттері таныстырылды.
Айталық, былтыр 300 қылмыстық іс тергеп-тексерілген. Зардап шеккен азаматтарға 20 млрд теңгеге жуық өтемақы қайтарылды. Қаржы пирамидаларын ұйымдастырушылардың 2,2 млрд теге болатын криптовалютасы бұғатталды. Ұйымдасқан 6 қылмыстық топ жойылып, ірі инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға бағытталған 23 млрд теңгенің мақсатсыз жұмсалуы тоқтатылды. Президент кездесу соңында агенттік төрағасына бірқатар тапсырма берді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.