Жаз мезгілінде Қазақстанда 3 миллионнан астам оқушы әртүрлі сауықтыру, демалыс және еңбек бағдарламаларымен қамтылмақ. Соның 500 мыңы – әлеуметтік осал топтан. «Қазақстан халқына» қоры 10 мың балаға тегін демалыс ұсынып отыр. Бағдарламада туризм, шығармашылық, білім беру, еңбек пен халықаралық жобалар бар. Бұдан бөлек, жазда оқушылар үшін 188 маусымдық лагерь, 10 мыңнан астам мектеп жанындағы лагерь және 512 шатырлы лагерь жұмыс істейді. Балалардың қауіпсіздігі мен санитарлық талаптарға ерекше назар аударылады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.