12 млн-нан астам жүргізуші ақылы жолмен жүрген

Жыл басынан бері еліміздің көлік жүргізушілері ақылы жолдар арқылы 12 млн-нан астам рет жүріп өткен.
Айталық, Шымкент – Өзбекстан шекарасы арқылы көлік жүргізушілері 1,98 млн рет жүріп өткен. Одан кейінгі тізімді Алматы – Қонаев бағыты жалғастырады. Бұл ақылы жолмен 1,88 млн рет көлік қатынаған. Үштікті Шымкент – Тараз арасы түйіндейді. Онда жүргізушілер 1,2 млн рет жүрген. Ақылы жол қатынасы бойынша тізім соңында Өзбекстан шекарасындағы Бейнеу – Ақжігіт бағыты тұр.
———————————————