Жамбыл облысында инватакси мүмкіндігі шектеулі жандарға тиісті деңгейде қызмет көрсетпеген. Арнайы тексеріс жүргізген өңір прокурорлары бірқатар былықтың бетін ашты. Азаматтар әлеуметтік көлікпен жұмыс күндері ғана қатынауға мәжбүр болған. Ал демалыс және түнгі уақытта олар мұндай мүмкіндіктен шектетілген. Бұл заңға қайшы. Сондықтан таксидің жұмыс кестесі қайта қаралып, өзгертілді. Ал осындай әрекетке жол берген Жамбыл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімінің қызметкеріне сөгіс жарияланды.
АРМАНЖАН ӘБДІБЕКОВ, АУДАНДЫҚ ПРОКУРАТУРАНЫҢ АҒА ПРОКУРОРЫ:
— Арнайы талдау жұмыстарын жүргіздік. Нәтижесінде, заңбұзушылық анықталды. Бүгінде инватаксидің жұмыс режимі өзгерді. Енді ол тәулік бойы және мереке күндері де қолжетімді болады. Осылайша ауданда екі мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жанның құқығы қорғалды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.