Шу қаласында көппәтерлі үйден өрт шықты | 08.04.2025

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

ҚАРИЯ ТАЯҚ ЖЕДІ
Жетісу облысы Өтенай ауылында жасөспірім 86 жастағы қарияны соққыға жықты. Зейнеткер ауруханаға түсіп, оқиға ізімен қылмыстық іс қозғалды. Енді бокспен айналысып жүрген 15 жастағы бала жазаға тартылады.

ҮЙ ӨРТЕНДІ
Жамбыл облысының Шу ауданында көпқабатты үй өртенді. Тілсіз жау түн ортасында болған. 180 адам шұғыл эвакуацияланып, мектепке көшірілді. Енді баспанасы бүлінген тұрғындарға кім көмектеседі?

КЕНЕ ҚАПТАДЫ
Атырау облысының Құрманғазы ауданында кене қаптап кетті. Зиянкес даладағы киіктерді талап тастаған. Шаруалар енді қансорғыш үй жануарларына ауыса ма деп қауіптенеді. Сондықтан шұғыл түрде улау шараларын қолға алуды сұрайды.

ТУРИЗМ ТҮРЛЕНЕДІ
Астанада Дженнифер Лопес концерт береді. Соның аясында елге 6 млрд теңге тарту жоспарланып отыр. Бұл туризмді дамытудың бір жолы. Үкімет отырысында әкімдіктерге елді мекендерден тыс жерлерде туристік инфрақұрылым салу тапсырылды. Ал фермерлерге агротуризммен айналысу құқығын беру ұсынылды.

ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС
Сабақ біткен соң үш миллионнан астам оқушы әртүрлі сауықтыру, демалыс және еңбек бағдарламаларымен қамтылады. Ал «Қазақстан халқына» қоры 10 мың балаға тегін демалыс ұсынып отыр.
———————————————