Алматыда мотоцикл үш жол жөндеушіні қағып кетті. Екеуі оқиға орнында, біреуі ауруханада көз жұмды. Мотоцикл мінген 23 жастағы жігіт мас болған және жоғары жылдамдықпен жүйткіген. Алдымен көлікке соғылып, сол екпінмен жол жиегіндегі жұмысшыларды қаққан. Жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.