Үкіметтік жұмыс тобы зілзаладан зардап шеккен жамбылдықтармен кездесті

Жамбыл облысындағы жерасты дүмпуінен 10 тұрғын үй бүлінді. Екеуі тұруға жарамсыз боп қалды. Оларға жаңа баспана беріледі. Қалған үйді мамандар тексереді. Облыста бар-жоғы 122 тұрғын үйді тексерілді. Одан бөлек табиғи зілзаладан бес әлеуметтік нысан қираған. Оның ішінде Мерке ауданының орталық ауруханасы мен балабақшасы бар. Мектепке дейін білім беретін орталық қауіпсіздік үшін жабылды. Тексеріс жүргізу үшін арнайы Үкіметтік жұмыс тобы құрылды. Шығынның нақты сомасы есептеліп жатыр. Өңірдегі жағдай мемлекеттің толық бақылауында.
ЖАЛҒАС ӘБДУАЛИЕВ, ТЖД БАСШЫСЫ:
— Кез келген төтенше жағдай туу мүмкіндігі болған кезде біз міндетті түрде халықты хабардар етеміз. Одан бөлек, біз тиісті жақын маңда орналасқан облыстармен, көршілес қырғыз бауырларымызбен ақпарат алмасудамыз.
———————————————