Мьянма 7 тәулік аза тұтады. Өйткені жер сілкінісінен қаза тапқандар 1700-ге жетті. Бұл туралы елдің әскери әкімшілігі хабарлады. 3400-ге жуығы түрлі жарақат алған. Ал 300 адам із-түссіз жоқ. Зілзаладан Мьянма инфрақұрылымы бүлінді. 420 тұрғын үй, 48 діни ғимарат, 76 аурухана, бір көпір және он шақты мектеп пен мемлекеттік нысан қирады. Мьянмаға Қытай, Ресей, Үндістан және өзге де мемлекет билігі көмек көрсетіп, құтқарушы бригадаларын жөнелтті. Біріккен ұлттар ұйымы 5 млн АҚШ долларын бөлді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.