Қаржы мониторингі агенттігі тағы бір қаржы пирамидасының жұмысын тоқтатты. Тұтынушы кооперативі ретінде әйгілеген «Buyers Union» компаниясы заңсыз жұмыс істеп келген. Кооператив халықты жылжымайтын мүлік пен көлік алу үшін түрлі бағдарламаға инвестиция салуға үгіттеген. Өмірді сақтандыру үшін ай сайын 30 мың теңге төлеу және сатып алынатын мүліктің құнынан 10%-дық жарна төлеу талабы қойылған. Пирамида басшысы екі айға қамауға алынып, тергеу басталды.
ЕРНАР ТАЙЖАН – ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Маңыздысы, кооператив салымшыларға ақша алғаны туралы ешқандай құжатты ұсынбаған, ал салым сомасы тек пайдаланушылардың жеке кабинетінде көрсетілген. Нәтижесінде, пирамидаға 250-ден астам салымшы тартылып, 300 млн теңгеден астам қаражат салған.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.