Сербияда шахматтан оқушылар арасында өткен Әлем чемпионатында біздің балалар бірінші орынға ие болды. Жас шахматшыларымыз құраманың қоржынын 4 алтын, 3 күміс және 1 қолаға толтырды. Биыл елімізге алғаш алтынды 7 жасар Абдұл-Мәлік Қайрат сыйлады. Ол қарсылас шақ келтірмей, сайыстың аяқталуына бір тур қалғанда чемпион атанды. Одан бөлек, Алиша Бисалиева, Артем Богданов және Әлімжан Жауынбай да алтыннан алқа тақты. 4 алтын медаль алған командамыз Өзбекстан мен Монғолиядан үздік атанды. Елге оралған чемпиондарды Астана қаласының әуежайында ата-аналары, жақындары және жанкүйерлері күтіп алды.
ӘЛІМЖАН ЖАУЫНБАЙ, ШАХМАТТАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ:
— Барлығы жақсы өтті. Бірақ менде қиын партиялар аз болмады. Рейтингте бірінші келе жатқан қарсыласыммен ойнадым. Соңында екеумізде бірдей ұпай болды. Қосымша көрсеткіштерім жақсырақ болып, үздік атандым. Жалпы турнир ойдан шықты.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.