Өскемендегі мұражай-қорықта аю үш қонжық туды

Өскемендегі мұражай-қорықта аю үш қонжық туды. Аюды Шанди деп атайды екен. Биолог мамандар: «Хайуанаттар бағы үшін бұл өте сирек құбылыс», — дейді. Өйткені аю әдетте екі қонжықтан артық тумайды. Қонжықтардың қимыл-қозғалысын зоологтар бейнекамерамен бақылаған. Қазір Шанди маймақтарымен сыртқа шығып, серуендеп жүр. Макарон, ет және жеміс-жидек тұтынатын жануар күніне 10 келідей тамақ жейді екен. Қорық мамандары ас мәзірін күн сайын өзгертді.
ЮЛИЯ ШАЛИМОВА, БИОЛОГ МАМАН:
— Қорығымызда аюдың бірден үш қонжық туу дерегі екінші рет тіркелді. 2018 жылы осындай үш маймақ туылған. Енді, міне, Шанди қорықтағы жануар санын көбейтті. Жағдайы жақсы, өсіп келеді.
———————————————