Теміртауда бес жасөспірім ақсақалдың үйіне кіріп, аяусыз ұрып-соққан | 31.03.2025

Жүргізуші: Ардақ Қасымхан — https://www.instagram.com/ardak_kassymkhan

КӨРГЕНСІЗ БАЛА
Қауқарсыз қартқа шабуыл. Бес жасөспірім ақсақалдың үйіне кіріп, аяусыз ұрып-соққан. Ол аз болғандай әлеуметтік желіге бейнежазба жүктеген. Енді жөнді тәрбие бермеген ата-ана, балаларының қылығы үшін заң алдында жауап береді.

МАС ЖҮРГІЗУШІ
Мас күйінде көлік жүргізіп, адам қақты. Мектеп автобусы мен алдындағы көлікті басып озбақ болған 40 жастағы жүргізушінің ісі 2 бірдей баппен қаралып жатыр.

ЗІЛЗАЛА ЗАРДАБЫ
Жамбыл облысындағы жерасты дүмпуінің салдары қандай? Үкіметтік жұмыс тобы сілкініс сезген тұрғындармен кездесті. Оларға қандай көмек беріледі?

ҚОРҒАНСЫЗДЫҢ КҮНІ
150 нөміріне қоңырау шалыңыз. Тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген ана мен бала араша іздейтін дағдарыс орталығының ашылғанына 11 жыл. Заң қатайып, бақылау күшейсе де, қайта-қайта шағымданып, берекесі қашқан әйел азаймай отыр.

7 ЖАСАР ЧЕМПИОН
4 алтын, 3 күміс және 1 қола медаль. Жас шахматшылар жыл басталғалы Қазақстан қоржынына қос-қос алтын салып жатыр. Оның ішінде 7 жасар әлем чемпионы бар.
———————————————