Бұзақыларды таяқпен тәрбиелейміз деп істі болды. Теміртауда жалғызбасты қартты сабаған жасөспірімдерді өз бетімен жазаламақ болған екі жеткіншек ұсталды.
Яғни бесеудің екеуін полициядан бұрын тауып алып, соққыға жыққан. Тіпті бейнекамераны бетіне тақап тұрып, кешірім сұратқан. Полиция жасөспірімдерді ұстаған. «Денсаулыққа қасақана зиян келтіру» бабымен іс қозғалды. 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
БАҚЫТЖАН ҚҰДИЯРОВ, ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
— «Денсаулыққа қасақана зиян келтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Олардың заңды өкілдері балаларын дұрыс тәрбиелемегені үшін жауапқа тартылады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.