Семейде оқушыны жабылып ұрған жасөспірімдердің ата-анасы жазаланды

Семейде 12 жастағы оқушыны жабылып ұрған жасөспірімдердің ата-анасы жазаланды. Біреуі бес тәулікке қамалды. Төрт ата-ананың әрқайсысы 78 640 теңгеден айыппұл төлейді. Бұл – балаға жөнді тәрбие бермегені үшін әкімшілік жаза. Айта кетейік, айдың күннің аманында бір топ мектеп оқушысы қатарластарын аяусыз соққыға жығып, мазақ қылған еді
ҒАЛИЯ НҰРҒАЛИЕВА, БІЛІМ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Жәбірленген оқушы қазір тұрғылықты мекенжайы бойынша мектепке барып жүр. Оның психологиялық-эмоционалдық жағдайы тұрақты. Төбелеске қатысқан оқушылар бүгін сабаққа келді. Серебрянск қаласындағы арнайы мектепке және Көкпектідегі арнайы ерекше режимдік мектепке жіберіледі.
———————————————