Жүкті әйелдің өлімінен кейін Жамбыл облысындағы дәрігерлер жұмыстан шығарылды. Шу көпсалалы орталық аудандық ауруханасының бас дәрігері және перзентхана меңгерушісі өз орындарын босатты. Сонымен қатар осы аурухана бас дәрігерінің орынбасары, бөлім бастығы және облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы қатаң сөгіс алды. Еске салайық, наурыз айының басында Жайсан ауылынан келген 25 жастағы әйел жүктіліктің 33 аптасында іштің ісінуі мен ауырсынуымен ауруханаға түскен. Дәрігерлер толық анамнез жинамаған және босанған әйелдің жағдайын дұрыс бағамдамаған. Әйел есінен танып, комаға түсті. Жасанды жолмен босандыру операциясынан кейін баланы құтқару мүмкін болмады, ал бір жарым аптадан кейін әйелдің өзі қайтыс болды. Ана мен баланың қайтыс болу фактісі бойынша облыста қызметтік тергеу жүргізілді.
ҚАРАКӨЗ САҒЫНҒАЛИЕВА, АРНАЙЫ КОМИССИЯНЫҢ МҮШЕСІ:
— Дәрігерлер толық тексеріс жасап, консилиум өтікізіп, оны үшінші дәрежеге облыстық перинаталдық орталыққа жіберу керек еді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.