Қарағандыда жүргізуші екі жүргіншіні қағып кетті

Кісі қазасына сеп болған жол апаты. Қарағандыда жүргізуші рөлге ие бола алмай жүргіншілер жолына шығып кеткен. Қайғылы оқиғадан 51 жастағы әйел тіл тартпай кетті. Тағы біреуі жансақтау бөлімінде жатыр. 50 жастағы екінші жүргіншінің хәлі нашар.
Жылдамдықты шектен тыс асырған жүргізуші екі әйел кетіп бара жатқан тротуарға шығып кеткен. Ол аздай көлік ғимаратқа соқтығысыпты.
АЗАМАТ АХМЕТОВ, ЖОЛ-ПАТРУЛЬ ҚЫЗМЕТІІНІҢ БАСТЫҒЫ:
— Екінші жаяу жүргінші, көлік жүргізушісі мен жолаушысы түрлі жарақатына байланысты ауруханаға жатқызылды. Қылмыстық іс қозғалды. Жүргізушілер жылдамдықты асырмаңыздар!
———————————————