Полицейлердің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Түркістан облысының тәртіп сақшылары тәртіпті сақтамайтын болып шықты. Беларусиядан келген туристер қазақстандық полицейлер олардан 200 мың теңге талап еткенін айтты. Бейнежазба әлеуметтік желілерде тарады. Сөздеріне сенсек, құқық қорғау органы өкілдері олардан қазақстандық техникалық байқаудың болмауына байланысты ақша сұраған. Оқиға Түркістан облысындағы Шымкент-Самара тас жолында болған. Қазір бұл жағдайға байланысты Ішкі істер министрлігі «қызметін асыра пайдалану» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Ал тиісті құрылым басшылығына қатысты қызметтік тергеу басталды. Айта кетейік, пара сұраған полицейлер қызметінен босатылды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.