Тайландта қазақстандық туристер отырған кеме өртеніп кетті

Тайландта қазақстандық туристер отырған кеме өртеніп кетті. Оқиға Пхукеттегі Майтон аралының маңында болды. Қуанышқа орай туристтер зардап шекпеді. Өрттің себебі де анықталды. Жергілікті порт директорының мәлімдеуінше, қозғалтқыш бұзылып, жарылып кеткен. Өрт кезінде кемеде капитан, инженер және экипаж қызметкері болған. Үшеуі де жарақат алды. Одан бөлек, ұшқыннан үш турист пен жолнұсқаушы да зардап шекті. Барлығы дер кезінде аурухана жеткізілді.
———————————————