Ұлттық құрылтайда көтерілген бастамалар іске асады

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда көтерген бастамаларды іске асыру туралы жоспарға қол қойды. Бұл құжат 53 тармақтан тұрады. Оны Президент Әкімшілігі мен Үкімет бірлесе әзірледі. Стратегиялық жоспарда гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық салалар бойынша нақты қадам айқындалған. Маңызды құжатта шекара маңындағы аудандарды дамыту, ғылым қалашықтарын құру, ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау бойынша нақты тапсырмалар бекітілген. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин өзінің Telegram парақшасында Президент көтерген тапсырмалар еліміздің ұзақ мерзімге арналған даму бағдарын айқындайтынын атап өтті.
———————————————