Енді жеке куәлікті онлайн рәсімдеуге болады

Онлайн қызмет оңтайландырылды. Енді жеке куәлікті де онлайн ауыстыра аласыз. Есесіне, SIM-картаны уыстап сатып алу арман болмақ. Биометриялық тіркеу талабы енгізілді.
«Бұдан былай жеке куәлікті де онлайн рәсімдей аласыз. Бұл – ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтің бірі», — деді министр Жасұлан Мәдиев. Яғни әр азамат жеке куәлігін алу үшін тек Egov платформасында сәйкестендіруден өтіп, фото мен қолтаңбаны жүктеп,онлайн төлем жасап, құжаттың дайындығы туралы хабарлама күтеді.
ЖАСҰЛАН МӘДИЕВ, ЦИФРЛЫҚ ДАМУ, ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІ МИНИСТРІ:
— Біз Egov-ты жаңа техникалық шешімдер негізінде жаңғыртуға кірістік. Қызметтерді қайта құрастыру жүргізілуде. Көру қабілеті нашар және зағип азаматтар үшін дауыстық және мәтіндік новигация Egov-қа қолжетімділік береді.
Сондай-ақ жаңа SIM-карта сатып алу үшін биометриялық тіркеу енгізіледі. SIM-карталарды заңсыз үшінші тұлғаларға беру және SIM-боксты заңсыз пайдаланы үшін жауапкершілік қарастырылады. Мемлекеттік жеке деректерге қол жеткізуді бақылау сервисі іске қосылды. Оған 70% астам мемлекеттік ақпараттық жүйе қосылған.

АЙЗАТ ТҰРҒЫНБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:
— Бұған қоса қазақстандықтар QR-қолтаңба мен биометрияны сенімді қолдана бастады. Қазір цифрлық құжаттар қызметі ерекше танымал болуда. Бір жыл ішінде азаматтар оны 292 миллион рет қолданыпты.

«Мемлекеттік қызметтердегі бизнес процестерді оңтайландыруға баса назар аудару керек. Пайдаланушылар өздеріне қажет қызметті ең көп дегенде екі батырманы басу арқылы алуға тиіс», — дейді Премьер-министр Үкімет отырысында.

ТИМУР ТУРЛОВ, Freedom Holding Corp АТҚАРУШЫ БАС ДИРЕКТОРЫ:
— Ең ұтымды әрі көпшілік үшін ыңғайлысы – банк ұсынатын сервистар. Біз нарықта Халыққа қызмет көрсету орталығының сервисіне алғашқы болып қосылдық. Freedom банк қазіргі кезде 145 тен астам мемлекеттік сервис арқылы қазақстандықтардың мүмкіндігін арттырып келеді. Біздің банкте үйден шықпай-ақ ипотекалық несие рәсімдеуге болады. Сондай-ақ қолжетімді автонесиеге сұраныс артты. Өйткені біздегі сервис барлық адамға қолжетімді.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ПРЕМЬЕР-МИНИСТР:
— Freedom банк, шын мәнінде, ақпараттық технологиялар, телекоммуникация саласында, SMART технология бойынша белсенді жұмыс істеуде. Еліміздің заманауи дамуына нәтижелі үлес қосқан компанияға, әрине, қолдау көрсетеміз.
Сондай-ақ Премьер-министр мемлекеттік қызмет көрсетуде орталықтандырылған мониторингтің болмауы деректердің таралып кету қаупін арттырып, интернет алаяқтықтың көбеюіне алып келетініне назар аударды.
———————————————