Челябі-Новосібір тасжолын су басты

Петропавлда Есіл өзені арнасынан асып, республикалық Челябі-Новосібір тасжолын су басты. Қазір бұл жерде арнайы бекет құрылып, құтқарушылар мен полиция қызметкерлері күні-түні кезекшілікке көшкен. Дегенмен көлік қозғалысына шектеу қойылған жоқ. Ал жақын күндері су осы маңдағы саяжай учаскелеріне жайылуы мүмкін. Сондықтан тәртіп сақшылары мұнда тұратын тұрғындарды қауіпсіз жерге көшуге үгіттеуде. 20-дан астам адам эвакуацияланып, екеуі арнайы пункті паналауда. Жалпы өңірде жағдай тұрақты.
Мамандардың айтуынша, былтырғыдай тасқын болмайды. Қауіптің беті сейілді. Жақын күндері аймақта тасқынның екінші толқыны болады. Ақмола облысынан су келуі мүмкін. Өңірде тасқынға байланысты былтыр жарияланған төтенше жағдай режимі әлі алынған жоқ.
ВЛАДИМИР ХУТИНАЕВ, ТЖД ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:
— Қазір қала аумағында Есіл өзенінде судың деңгейі көтіріліп жатыр. Алайда алаңдауға еш негіз жоқ. Жағдай қатаң бақылауда. Сағат сайын мониторинг жасап отырмыз. Жалпы, өңірде төрт жол учаскесін су басқан. Барлығында қозғалыс бар.
———————————————