Қостанайда жыл сайын су тасқынынан зардап шегетін аудан тұрғындарын жаппай көшіру келер жылға дейін созылады. Себебі қауіпті аймақтағы халықты басқа жаққа қоныстандыруға қаржы қолбайлау. Былтыр аймақтағы 143 баспана су астында қалып, 100-і бұзылды. Табиғи апат биыл тағы қайталануы мүмкін. Сондықтан жергілікті билік өкілдері қалған 69 үйді сүріп, орнына саябақ салуды жоспарлаған. Жер учаскесін мемлекетке қайтару сәуірде аяқталуға тиіс еді. Алайда ақшаның жоқтығынан бұл шаруа келер жылға қалды. Енді көшіру екі кезеңмен жүзеге асады. Биыл Тобыл өзеніне жақын орналасқан 34 учаске қайтарылмақ. Айта кету керек, осыған дейін аталған үйлерді сатып алуға 1 милилард 300 миллион теңге бөлінген еді.
МАРАТ ЖҮНДІБАЕВ, ҚАЛА ӘКІМІ:
— Бізге шамамен тағы 2 миллиард теңге жетіспейді. Сондықтан осындай шешім қабылдап, жобаны қайта түзеттік. Сондықтан бар шаруа екі жылға созылады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.