Павлодарда «HAS» қаржылық пирамидасының басшыларына қатысты үкім шығарылды. Олар өздерін сыртқы экономикалық қызметпен айналысатын компания ретінде таныстырған. Сөйтіп, азаматтарды түрлі инвестициялық жобаға ақша салуға үгіттеген. Ай сайын 70% дейін пассивті табыс уәде еткен. Тіпті әлеуметтік желілерде қорықпай жалған акцияларды белсенді жариялаған. Астана мен Қосшы қалаларында тұрғын үй салу туралы ақпарат таратқан. Құрылыс жұмыстарын көрсету үшін арнайы техника жалдап, декорация орнатқаны белгілі болды. Жалпы алаяқтардың арбауына 5 мыңнан астам адам түскен. Сот оларды 6 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Құны 1 мрд теңгеден асатын мүлік зардап шеккендердің пайдасына тәркіленді.
ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Активтер қатарында – 4 пәтер, 18 автокөлік, 3 жер учаскесі, автотұрақ орындары, коммерциялық емес ғимарат және есепшоттардағы ақша қаражаттары бар.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.