Жүкті әйел баласымен бірге ауруханада көз жұмды | 01.04.2025

Жүргізуші: Ардақ Қасымхан — https://www.instagram.com/ardak_kassymkhan

ТӘРТІПКЕ САЛМАҚ БОЛДЫ
Тәрбиенің тілі таяқ па? Теміртаудағы зейнеткерді аяусыз ұрып-соққан жасөспірімдерді бір топ бала таяқпен тәрбиелемек болды. Бес жеткіншек онсыз да 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

САЛҒЫРТТЫҚ СОҢЫ
Бейғамдық па, біліксіздік пе? Жамбыл облысында 25 жастағы ана іштегі баласымен бірге көз жұмды. Енді осы іске салғырт қараған дәрігерлер жұмыстан қуылып жатыр.

ОНЛАЙН ҚЫЗМЕТ
Онлайн қызмет оңтайландырылды. Енді жеке куәлікті де онлайн ауыстыра аласыз. Есесіне SIM-картаны уыстап сатып алу арман болмақ. Биометриялық тіркеу талабы енгізілді.

«HAS»-ТЫҢ ҚАСТЫҒЫ
4 пәтер, 18 көлік, 3 жер учаскесі. «HAS» қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары сотталды. 1 млрд теңгеден асатын мүлік тәркіленіп, зардап шеккендерге қайтарылды.

БАТЫР БЕЙНЕСІ
Алып алыстан көрінеді. Өскеменде көпқабатты тұрғын үйдің қасбетіне соғыс ардагерлерінің суреті салына бастады. Муралдағы бейне иелерінің ұрпаққа берері мол.
———————————————