Шымкентте Атырау-Алматы бағытындағы пойыз 5 минутқа кешігуге мәжбүр болды. Өйткені соңғы вагонға жармасқан жасөспірімдерді кезекші қызметкер байқап, тоқтатуды өтінген. Сөйтсе, ішімдікке тойып алған жастар қызық үшін пойызға мініп, қыдырмақ болыпты. Теміржол тәртібін өрескел бұзған 16 және 18 жастағы 3 жасөспірім ұсталды. Олар қазір кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында. Ал ата-аналары жауапкершілікке тартылып, жеті айлық есептік көрсеткіш, яғни 27 524 теңге айыппұл төлеп жатыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.