Түркістан облысында 141 ауылдасының атына тауарлық онлайн несие рәсімдеген 3 адамға үкім шықты. Біреуі – 4 жыл 6 айға, ал екі айыпталушы 4 жыл бас бостандығынан айрылды. Алданғандар – Сайрам ауданының жұмыссыз, үйде отырған тұрғындары. Біріне 340 мың кредит алса, енді біреулерінің атынан 2 млн теңгеге дейін тауарлық несие рәсімдеген. Онымен қоймай, алаяқтар тауардың ақысын қолма-қол ақшаға айналдыру үшін екі таныс кәсіпкердің көмегіне жүгініпті. Бәрі алдын ала нақты жоспармен істелген. Ал жәбірленушілер алданғанын тек бірнеше айдан соң банктен төлем жасау туралы ескертпе келгенде бір-ақ білген. Сотталғандар ақшаны қайтаруға міндеттелді.
ДИНА ТОЙЖАНОВА, СУДЬЯ:
— Юлдашев олардың үйіне келіп, өзінің жалюзи перде цехын ашқанын, оған ақша қажет екенін, тендер ұтып алғанын айтқан. Жұмысқа қабылдайтынын, үйінде отыра беріп, жалақы алып отыратынын айтқан. Жәбірленушілер соған сенген, сотталушы тауарлы несиені 6 айда өзі жабатынын, оларға ешқандай қиындық болмайтынына сендірген.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.