Елімізде биыл мұнай өндірісі артпақ. Қазақстанда қара алтын өндірісінің көлемін 17 миллион тоннаға жеткізу көзделген. Мемлекет басшысымен кездесу барысында Энергетика министрі осылай мәлімдеді. Ерлан Ақкенженов экономика үшін ілкімді жобаларды іске асыру барысы жайында баяндады. Оның айтуынша, қазір мұнай өңдеу саласын дамытудың арнайы тұжырымдамасы әзірленіп жатыр. Болашақта Қашаған, Қарашығанақ кен орындары мен Жаңаөзен қаласында жаңа газ өңдеу зауыты бой көтермек. Сондай-ақ қуаттылығы 26 гигаваттан асатын жаңа генерациялау кешені салынбақ.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.