Шығысқазақстандық полицейлер жолдағы шұрық-тесікті санап жүр. Бүгінге дейін 800-ден астам учаске тексерілген. Түгелі дерлік көлік жүргізушілері үшін қауіпті деп танылды. Өскемен айналасындағы жолдың жағдайы мүлдем нашар. Былтыр ғана төселген асфальт қармен бірге еріп кеткен. Жөндеу жүргізген компанияларға 6 мыңнан 120 мың теңгеге дейін айыппұл салынды. Тәртіп сақшылары жалпы 85 әкімшілік хаттама жазып берген. Коммуналдық қызмет енді жол жабынын 5 тәулік ішінде қалпына келтіруге тиіс. Олар жолды кірпішпен және инертті материалмен жамай тұрады. Ал орташа деңгейде жөндеу қала көшелерінде 10 сәуірден кейін басталады.
ДЕНИС ГАЛИЕВ, ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
— Жолдағы шұңқырлар бітелмеген, еш жерде қауіп туралы ескертетін белгі жоқ. Оны жол жөндеушілерге айттық, кейін тағы да тексереміз.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.