Түркістан облысында білім бөлімінің 11 қызметкеріне қатысты сот аяқталды. Олар қызмет бабын асыра пайдаланып, бюджеттің 547 млн теңгесін жеп тынған. Сарыағаш аудандық білім бөлімінде лауазымды қызметін пайдаланып, ызы мен 2023 жылдың маусымы аралығында білім бөлімінде және мектептерде жұмыс жасамаған адамдардың аты-жөнін көрсетіп, жалған мәлімет арқылы ақшаны үшінші тұлғалардың шоттарына аударып отырған. Сот білім бөлімінің басшысын, оның орынбасары мен бас есепшіні және тағы 2 қызметкерді 7 жылға соттау туралы жаза кесті. Ал 2 есепшінің бас бостандығы 2 жылға шектелсе, тағы екі қызметкер шартты түрде жаза алды.
ЗАМАНБЕК ИСМАИЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ СОТ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
— Сотта төрт сотталушы өздеріне тағылған айыпты мойындамастан, ақтау үкімін шығаруды сұрады. Сонымен қатар үш сотталушы өздеріне тағылған айыпты жартылай мойындады, қалған төрт сотталушы өз кінәларын толық мойындап, келген залалдың орнын толтырғанын ескеріп, жеңіл жаза тағайындауды сұрады. Сотталушылардың кінәсі толық дәлелденді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.