Ақтөбеде оқудан шығарылған Қазақ-Ресей Халықаралық университетінің 350 студенті оқуын жалғастыра алады. Бұл туралы өңірге тексеріспен келген Ғылым және жоғары білім министрлігі комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан айтты. Оның айтуынша, оқудан шығару заңсыз болған. Бірыңғай базада оқудан шығарылғаны туралы мәлімет енгізілмеген. Сонымен қатар бұйрық тек орыс тілінде ғана. Бұл – нормативтік-құқықтық құжаттың ережесіне қайшы. Бір күн бұрын Ақтөбенің жеке жоғары оқу орны оқуды төлемегені және сабаққа бармағаны үшін 350 студентті оқудан шығарғаны белгілі болды. Оқудан шығарылғандар мен олардың ата-аналары не болып жатқаны туралы шағымданғаннан кейін университетке тексеру келген.
АҚЕРКЕ АБЫЛАЙХАН, ҚР ҒЖЖБМ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Құқықтық негізде құжаттардағы қарама-қайшылықтарды көріп отырмыз. Министрлік тарапына арнайы тексеру жүргізіледі. Бақылау комитеті бар. Сондықтан бүгінгі таңда студенттердің статусы сақталады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.