Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерінің өзі пара алған

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін қызметкердің өзі мектеп директорынан 42 млн теңге пара алған. Шымкентте тиісті департамент бастығының бұрынғы орынбасары Дәуренбек Қожабаевқа қатысты үкім шығарылды. Оған халықаралық іздеу жарияланып, қараша айында ұсталған еді. Сот 11 жыл бас бостандығынан айырып қана қоймай, өзге де жаза тағайындады.
ӘБИНҰР ҚАРАБАЕВ, СУДЬЯ:
— Дәуренбек Қожабаев өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымды маман жұмысын атқару құқығынан айырылсын. Жазасын қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеу белгіленсін. Қожабаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет полковнигі арнайы атағынан айырылсын. Сондай-ақ 41 млн теңге көлемінде қаржыны мемлекетке қайтаруға міндеттелсін.
———————————————