Жеңіл рельсті жерүсті метросының құрылысы қызып жатыр. Ұзындығы 22,4 шақырым эстакада аяқталды. Тіректер толық орнатылды. Есіл өзені арқылы өтетін LRT көпірі салынды. Депо құрылысы басталды. Аялдама бекетінің де құрылымдары аяқталды. Қытайдың Таншань қаласында LRT алғашқы жылжымалы құрамы құрастырылып жүріп жатыр.
МАҒЖАН ҮЙСІНБАЙ, ТІЛШІ:
— Жоспар бойынша LRT құрылысы күзде аяқталмақ. Ал жолаушылар тасымалы келер жылдың басында іске қосылады. Өткен жылдың қазан айында премьер-министр Олжас Бектенов құрылыс жұмысын тексерген. Біз де бекеттердің біріне барып жұмыс барысын көргіміз келді. Өкінішке қарай рұқсат берілмеді.
ЛТР құрылысы тек техникалық жағынан емес, қызметкерлерін де әзірліктен өткізіп жатыр. 30-ға жуық адам бірінші кезеңін аяқтады. Кейін ҚытайдыңТянцзинь қаласында тәжірибеден өтеді. Теміржол көлігінің негіздерін, жүйелерін, компоненттерін және төтенше жағдайдағы әрекет ету ережесімен танысады.
АЙДАР НАДЫРБЕКОВ, LRT ҚЫЗМЕТКЕРІ:
— Біздің басты міндетіміз – жаңа технологияларды жақсы меңгеріп, өзіміздің біліміміз бен тәжірибемізге сүйене отырып LRT жобасының іске қосылып, одан әрі дамуына үлес қосу.
Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, LRT биыл қыркүйекте іске қосылады. Басы даудан арылмаған жобаның аяқталуы туралы халықтың да пікірін білдік.
Қытайда сабақты Тяньцзинь метрополитені мен Чжэнчжоу теміржол кәсіптік-техникалық университетінің сарапшылары жүргізеді. Олар LRT жүйелерін пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша мамандар даярлайды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.