Жүргізуші: Ардақ Қасымхан — https://www.instagram.com/ardak_kassymkhan
БӨЛЕКБАЕВ БҰЙРЫҒЫ
Жасөспірімді тәрбиелей алмаған ата-ана ғана емес, әкім орынбасары да, директор, мұғалім де жазаға тартылсын. Қарағанды облысының әкімі осындай мәлімдеме жасады. Қарияны ұрған бесеудің ісі қоғамды дүр сілдіндірді.
ПАРАҚОР БІЛІМ БӨЛІМІ
Сарыағаш аудандық білім бөліміндегі 11 адам миллиондаған бюджет қаражатын жеп тынды. 550 миллион теңге қаржының қайтарымы қандай болмақ?
КИБЕРАЛАЯҚПЕН КҮРЕС
Ғаламтордағы көзге көрінбейтін қылмыскерлер депутаттар назарында. Мәжілісмендер кибер алаяқтықпен күресті күшейтетін заң жобасын шұғыл әзірлеуге кірісті.
КАРТОП БИРЖАСЫ
Картоп бағасын тұрақтандырудың жаңа әдісі. Елімізде бағасы мың құбылатын көкөністі биржаға шығару кімге және қаншалықты тиімді?
МОПЕДШІГЕ ЖАҢА ТАЛАП
Мопедті көлік ретінде тіркеуге небәрі 3 тәулік қалды. Ішкі істер министрлігі көлік құралын тіркеудің жаңа шарттарын жариялады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.